• Басты бет
  • Пайдалану жағдайлары
  • United States United States
    English
  • Қазақстан Қазақстан
    Қазақша Русский
  • Oʻzbekiston Oʻzbekiston
    Oʻzbekcha Русский
  • Кыргызстан Кыргызстан
    Кыргызча Русский
  • Türkiye Türkiye
    Türkçe English
  • México México
    Español
  • مصر مصر
    عربي English
  • Brasil Brasil
    Português
Бізбен байланысыңыз
  • Басты бет
  • Пайдалану жағдайлары
  • Бізбен байланысыңыз
Артқа

Құпиялылық саясаты

2026 жылғы 5 қарашадағы редакция.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») «Cybernet (Кибернет)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 200340022598, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Марков көшесі, 22/37, 5-қабат (бұдан әрі – «Оператор») HubTalk Платформасын пайдалану кезінде қандай дербес деректерді жинайтынын және өңдейтінін, қандай мақсаттарда өңдейтінін, олардың қалай қорғалатынын және дербес деректер субъектілерінің қандай құқықтары бар екенін айқындайды.

1.2. Саясат Оператордың дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясатын айқындайтын құжат болып табылады және өзіне сілтеме жасайтын HubTalk Пайдаланушы келісімімен (бұдан әрі – «Келісім») бірге қолданылады.

1.3. Саясат Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Дербес деректер туралы заң»), «Жасанды интеллект туралы» 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «ЖИ туралы заң»), Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

1.4. Оператор дербес деректерді заңдылық, құпиялылық, өңдеуді алдын ала айқындалған мақсаттармен шектеу және осы мақсаттарға қатысты артық деректерді өңдеуге жол бермеу қағидаттары негізінде өңдейді.

1.5. Саясаттың өзекті редакциясы https://cyber-net.ai/kk мекенжайында орналастырылған.

1.6. Саясат қазақ және орыс тілдерінде жасалған. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда орыс тіліндегі мәтін басым болады.

2. Терминдер

«Платформа», «Аккаунт», «Агент», «Copilot», «Тестілік қоңырау», «Пайдаланушы контенті», «Үшінші тұлғалардың деректері» және «Синтетикалық нәтиже» терминдері HubTalk Пайдаланушы келісіміндегі мағынасында қолданылады. Бұдан басқа:

ТерминМағынасы
ПайдаланушыПлатформада тіркелген заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе жеке тұлға
СубъектДербес деректер өзіне қатысты болатын жеке тұлға: жеке тұлға болып табылатын Пайдаланушы, Пайдаланушының өкілі немесе қызметкері, деректері Платформаға енгізілген өзге тұлға
Дербес деректерСубъектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бір немесе бірнеше сәйкестендіргішпен толықтырылған Субъект туралы мәліметтер
ӨңдеуДербес деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, анонимдеу, бұғаттау, жою және өшіру
Трансшекаралық беруДербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру
ИесіздендіруЖүргізілгеннен кейін деректердің Субъектіге тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын әрекеттер

3. Өңдеу субъектілері

3.1. Оператор мынадай Субъектілердің дербес деректерін өңдейді:

  1. жеке тұлға болып табылатын Пайдаланушылардың;
  2. Аккаунтта тіркелетін және жұмыс істейтін, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер болып табылатын Пайдаланушылардың өкілдері мен қызметкерлерінің;
  3. деректерін Пайдаланушы Платформаға енгізетін тұлғалардың.

4. Өңдеудің мақсаттары мен негіздері

4.1. Оператор төменде көрсетілген мақсаттар үшін қажетті және жеткілікті деректерді ғана жинайды және оларды тек осы мақсаттар үшін пайдаланады.

ДеректерМақсатыНегізі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық пошта мекенжайыТіркелу, Аккаунтқа кіру, Платформаның жұмысы бойынша Пайдаланушымен байланысуКелісімнің 1-қосымшасының А бөліміндегі келісім
Телефон нөмірі (егер Пайдаланушы өтінім қалдырса)Өтінімді қарау және Пайдаланушымен байланысуА бөліміндегі келісім
Тестілік қоңыраулардағы дауыс пен сөйлеу, олардың транскрипцияларыСөйлеуді тану, Агентпен өзара әрекеттесу, әңгіменің тарихы мен қорытындыларын көрсетуА бөліміндегі келісім
Платформаға енгізілген өзі және өз компаниясы туралы мәліметтерАгенттерді баптау, Copilot жұмысыА бөліміндегі келісім
IP-мекенжай, құрылғы және браузер туралы деректер, cookie файлдары және ұқсас сәйкестендіргіштер, әрекеттер журналдарыПлатформаға кіру және оның жұмысы, қауіпсіздік, ақауларды жою, Платформаны жақсарту үшін деректерді иесіздендіруА бөліміндегі келісім
Электрондық пошта мекенжайы, телефон нөміріПлатформа туралы жаңалықтар және Оператордың ұсыныстарыВ бөліміндегі келісім
Жоғарыдағы жолдардағы кез келген деректерЗаңнама талаптарын, оның ішінде мемлекеттік органдардың сұрау салуларын орындауА бөліміндегі келісім; Дербес деректер туралы заңның 9-бабы

4.2. Оператор тіркелу кезінде соттылығы, денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді және Платформаның функцияларын ұсыну үшін қажет емес өзге де дербес деректерді сұратпайды. Пайдаланушының дауысы оны биометриялық сәйкестендіру немесе аутентификациялау үшін пайдаланылмайды.

4.3. Оператор дербес деректерді жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратпайды.

5. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім және оны кері қайтарып алу

5.1. Субъект дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді Платформада тіркелу кезінде электрондық нысанда береді. Оператор қабылданған келісімнің күні, уақыты және редакциясы туралы мәліметтерді сақтайды.

5.2. Келісімде Оператордың атауы мен БСН-і, Субъектінің тіркелу кезінде көрсеткен және келісім туралы мәліметтермен бірге сақталатын тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), келісімнің қолданылу мерзімі, деректер тізбесі, үшінші тұлғаларға беру, трансшекаралық беру және жалпыға қолжетімді дереккөздерде таратпау туралы мәліметтер қамтылады.

5.3. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген келісім Аккаунт өшірілгенге немесе кері қайтарып алынғанға дейін қолданылады. Бұл мерзім өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзімнен аспауға тиіс.

5.4. Субъект Оператордың электрондық пошта мекенжайына өтініш жіберу арқылы немесе Аккаунттың қолжетімді баптаулары арқылы келісімді толық немесе ішінара кері қайтарып алуға құқылы. Оператор 10 жұмыс күні ішінде өңдеуді тоқтатады не егер өңдеу заңнама бойынша міндетті болса немесе орындалмаған міндеттеме болса, дәлелді бас тарту жібереді.

5.5. Платформа онсыз жұмыс істей алмайтын деректерді өңдеуге берілген келісімді кері қайтарып алу тиісті функцияларды пайдалану мүмкін болмауына және Аккаунттың өшірілуіне әкеп соғуы мүмкін.

6. Сақтау және мерзімдер

6.1. Дербес деректер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлерде сақталады.

6.2. Сақтау мерзімдері:

ДеректерМерзімі
Аккаунт деректері, Агенттердің баптаулары, Пайдаланушы контентіКелісімнің қолданылу мерзімі ішінде; Аккаунт өшірілгеннен немесе Келісім тоқтатылғаннан кейін – сақталуы заң бойынша талап етілетін мәліметтерді қоспағанда, өшіріледі
Тестілік қоңыраулардың жазбалары мен транскрипцияларыҚоңырау жасалған күннен бастап 90 күнге дейін, ал Пайдаланушы оларды ертерек өшірсе — өшірілгенге дейін
Пайдаланушы жүктеген Үшінші тұлғалардың деректеріПайдаланушы өшіргенге немесе Келісім тоқтатылғанға дейін
Әрекеттер журналдары және техникалық деректер12 ай
Келісімдер туралы мәліметтерӨңдеудің заңдылығын растау үшін – келісімнің қолданылу мерзімі ішінде және ол тоқтатылғаннан кейін 3 жыл бойы

Аккаунт өшірілгенге дейін Пайдаланушы Пайдаланушы контентін, транскрипцияларды және жүктеп алуға қолжетімді өзге де ақпаратты жүктеп ала алады.

6.3. Сақтау мерзімі өткенде, өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенде, Субъектімен қатынастар тоқтатылғанда немесе заңсыз өңдеу анықталғанда Оператор дербес деректерді өшіреді немесе жояды.

7. Үшінші тұлғаларға беру және трансшекаралық беру

7.1. Оператор дербес деректерді үшінші тұлғаларға тек Субъектінің келісімімен және Платформа оларсыз жұмыс істей алмайтын технологиялар мен инфрақұрылым жеткізушілеріне ғана беруге құқылы. Олар деректерді Оператордың тапсырмасы бойынша, тек осы Саясаттың мақсаттары үшін өңдейді және олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

7.2. Пайдаланушы жүктеген деректер жеткізушілерге және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге құқықтық негіздер болған кезде тек Платформа функцияларының жұмысы үшін қажетті көлемде ғана беріледі.

8. Жасанды интеллект

8.1. Copilot және Агенттер жасанды интеллект жүйелері болып табылады. Платформаға енгізілген дербес деректерді олар Платформа функцияларының жұмысы үшін: сөйлеуді тану, Агенттің жауаптарын қалыптастыру, сөйлеуді синтездеу және Агенттің баптауларын дайындау үшін өңдейді.

8.2. Агенттің дауысы жасанды интеллект жүйесі қызметінің синтетикалық нәтижесі болып табылады. Оператор мұндай нәтижелерді машинамен оқылатын нысанда таңбалайды және оларды ескертумен сүйемелдейді.

8.3. Оператор Келісімнің 10.3-тармағына сәйкес Пайдаланушы контентін (мәтіндік сұраулар, сипаттамалар, нұсқаулықтар, Агенттердің баптаулары, Платформа функцияларымен өзара әрекеттесу нәтижелері) Платформаның жасанды интеллект модельдері мен жүйелерін әзірлеу, оқыту, тестілеу және жетілдіру үшін пайдалануға құқылы. Пайдаланушының өз дербес деректерін көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануға тек оның келісімі болған жағдайда ғана жол беріледі.

8.4. ЖИ модельдерін оқыту және жетілдіру үшін Пайдаланушы жүктеген байланыс деректерінің базалары және Үшінші тұлғалардың өзге де деректері пайдаланылмайды.

8.5. Платформаның жасанды интеллект жүйелері әңгімелесушінің эмоцияларын анықтамайды, адамдарды мінез-құлқы немесе жеке сипаттамалары бойынша жіктемейді және манипуляциялық әдістерді қолданбайды.

9. Автоматтандырылған өңдеу

9.1. Дербес деректер Платформада, оның ішінде автоматты түрде өңделеді. Оператор Субъектіге қатысты оның құқықтары мен заңды мүдделерін туындататын, өзгертетін немесе тоқтататын шешімдерді тек автоматтандырылған өңдеу негізінде қабылдамайды.

10. Пайдаланушы жүктейтін Үшінші тұлғалардың деректері

10.1. Пайдаланушы Платформаға байланыс деректерінің базаларын (аттар, телефон нөмірлері, компаниялар туралы мәліметтер) және басқа тұлғалардың өзге де дербес деректерін оларды жинауға, өңдеуге және Операторға беруге заңды негіздер болған жағдайда ғана жүктей алады. Пайдаланушы субъектілердің қажетті келісімдерін өз бетінше алады.

10.2. Оператор бұл деректерді Пайдаланушының тапсырмасы бойынша тек Платформа функцияларын ұсыну үшін: жүктеу, сақтау, жүйелеу, көрсету, өзгерту, форматты тексеру және тиісті функциялар қосылғаннан кейін байланыс деректерін пайдалануға дайындау үшін өңдейді. Жария тестілік қолжетімділік кезеңінде осы деректерде көрсетілген телефон нөмірлеріне нақты қоңыраулар жасалмайды.

10.3. Оператор Үшінші тұлғалардың деректерін ЖИ модельдерін оқыту, қосымша оқыту, тестілеу немесе жетілдіру, өзінің маркетингтік мақсаттары, өзінің клиенттік базаларын қалыптастыру немесе Платформа функцияларына байланысты емес өзге де мақсаттар үшін пайдаланбайды.

10.4. Пайдаланушы өзі жүктеген деректерді Платформа құралдарымен өз бетінше өшіре алады. Егер Оператордың сұрауы бойынша Пайдаланушы 5 жұмыс күні ішінде өңдеудің заңдылығын растамаса, Оператор өңдеуді тоқтата тұруға, деректерге қолжетімділікті шектеуге немесе негіздер болған кезде оларды өшіруге құқылы.

11. Қорғау шаралары және инциденттер

11.1. Оператор дербес деректерді қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларын, оның ішінде мыналарды қабылдайды:

  • деректерді сақтау және беру кезінде шифрлау;
  • қызметкерлердің қолжетімділігін рөлдер бойынша бөлу және ең аз қажетті қолжетімділік қағидатын сақтау;
  • дербес деректермен жасалатын әрекеттерді тіркеу және есепке алу;
  • рұқсатсыз қол жеткізуден және ақаулардан қорғау, сақтық көшірме жасау;
  • дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның заңнаманың сақталуына ішкі бақылау жүргізуі;
  • қызметкерлер мен жеткізушілерге құпиялылықты сақтау міндеттемелерін жүктеу.

11.2. Дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған кезде Оператор бір жұмыс күні ішінде дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді, салдарларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда Субъектілерге хабарлайды.

12. Субъектінің құқықтары

12.1. Субъект мыналарға құқылы:

ҚұқықҚалай іске асырылады
Қандай деректер өңделетінін, өңдеудің мақсатын, дереккөздерін, тәсілдері мен мерзімдерін білуге; олармен өтеусіз танысуғаОператордың электрондық пошта мекенжайына сұрау
Деректерді өзгертуді және толықтыруды талап етугеРастайтын құжаттармен бірге сұрау немесе Аккаунт баптаулары
Бұзушылықпен өңделген деректерді бұғаттауды, анонимдеуді, өшіруді талап етугеОператордың электрондық пошта мекенжайына сұрау
Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді толық немесе ішінара кері қайтарып алуғаСұрау немесе Аккаунт баптаулары
ЖИ жүйелері жұмысының нәтижелері туралы түсіндірме алуғаОператордың электрондық пошта мекенжайына сұрау
Аккаунт өшірілгенге дейін Контент пен транскрипцияларды жүктеп алуғаПлатформа функциялары
Өз құқықтарын қорғауға, оның ішінде зиянды өтеуді талап етугеОператорға, уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну

12.2. Егер Оператор талапты қанағаттандырудан бас тартса, ол дәлелді жауап жібереді.

12.3. Субъект Оператордың әрекеттеріне дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

13. Cookie файлдары және техникалық деректер

13.1. Платформа Аккаунтқа кіру, баптауларды сақтау және қауіпсіздік үшін қажетті cookie файлдарын және ұқсас технологияларды пайдаланады. Оларсыз Платформа жұмыс істемейді.

13.2. Cookie файлдары және ұқсас сәйкестендіргіштер өңдеуге келісім берілетін деректер тізбесіне кіреді. Пайдаланушы оларды браузер баптауларында шектей алады; қажетті cookie файлдары өшірілген кезде Платформа дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

13.3. Тестілік қоңырау үшін Платформа браузер арқылы микрофонға қолжетімділікті сұратады. Қолжетімділік тек қоңырау кезінде пайдаланылады; Пайдаланушы оны браузер баптауларында өшіре алады.

14. 18 жасқа толмаған тұлғалар

14.1. Платформа 18 жасқа толған тұлғаларға арналған. Оператор кәмелетке толмағандардың деректерін әдейі жинамайды. Егер мұндай деректер алынса, Оператор бұл туралы білгеннен кейін оларды өшіреді.

15. Саясатты өзгерту және байланыс деректері

15.1. Оператор Саясатты өзгертуге құқылы және Пайдаланушыларды елеулі өзгерістер туралы олар күшіне енгенге дейін кемінде 5 күнтізбелік күн бұрын электрондық пошта арқылы және Платформа интерфейсінде хабардар етеді. Өңдеу мақсаттарын, деректер құрамын немесе трансшекаралық беруді өзгерту Субъектінің жаңа келісімін талап етеді.

15.2. Дербес деректерді өңдеу мәселелері бойынша өтініштер Оператордың support@hubtalk.ai электрондық пошта мекенжайына немесе мына мекенжайға жіберіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Марков көшесі, 22/37, 5-қабат, «Cybernet (Кибернет)» ЖШС.

Phone number +7 700-644-92-09 Email info@cyber-net.ai Address Қазақстан Республикасы, Алматы, 050060, Маркова көшесі, 22/37 үй, "RAMS" бизнес орталығы, 5 этаж Сенім орталығы Пайдаланушы келісімі Құпиялылық саясаты